«Таңшолпан». Астанада гобеленші Бәтима Зәуірбекованың көрмесі ашылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Астанада гобеленші Бәтима Зәуірбекованың көрмесі ашылды (ВИДЕО)

30.06.2017

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері, гобеленші Бәтима Зәуірбекова бағдарлама қонағы болды.

«Елімізде керемет кезең, тарихи оқиға болып жатыр. Осы «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында менің жеке көрмем өткелі жатыр. Бұл көрмеде менің 60-қа жуық туындым қойылады. Осы «ЭКСПО» аясында ашылған көрме мен үшін - үлкен мәртебе.

Гобелен – күрделі өнер. Оның қыр-сыры мен қиындығы ерекше. Қазіргі жастардың гобеленге деген сүйіспеншілігі мен ынтасы зор. Менің шәкірттерім де бар. Гобелен өнері жақсы дамып келе жатыр десе де болады», - дейді Бәтима Зәуірбекова.

Хабарламаларға жазылу