«Қазпочта» тәулік бойы қызмет көрсететін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазпочта» тәулік бойы қызмет көрсететін болды

14.01.2016
«Қазпочта» тәулік бойы қызмет көрсететін болды

«Қазпочта» АҚ байланыс орталығының телефоны тәулік бойы жұмыс режиміне ауысты. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Almaty.tv хабарлайды.

Байланыс орталығы компанияның қызметтері жайлы толық мәліметті ұсынып, бөлімшелердің, постаматтардың және банкоматтардың мекен-жайы мен жұмыс істейтін уақыты жайлы сұрақтарға жауап береді.

Сонымен қатар, «1499» байланыс орталығына қоңырау шалып, клиенттер «EMS Kazpost» курьерін шақырып, қызмет көрсету келісім шартына тапсырыс беріп, төлем картасы бойынша операцияларды іске асыра алады.

«2015 жылда орталық сенім телефоны арқылы 300 мыңнан астам қоңырау қабылданды. Сайты мен әлеуметтік желілердегі компания парақшаларында, байланыс орталығының қызметкерлерімен 20 мыңнан астам ұсыныстар мен шағымдар өңделді, ал 2 минут ішінде «Қайта қоңырау шалу» қызметімен 6 мыңнан астам клиент қолданды» - делінген хабарламада.

Компанияның ресми сайтындағы трекингпен қатар, клиенттер сәлемдемелерін «Telegram» мессенджері арқылы қадағалай алатын. Ал, енді дәл сондай қызмет «WhatsApp» мессенджерінде +77770001499 нөмірі бойынша қолжетімді болды. Қосылған уақыттан бұл қызмет түрін 5,5 мыңнан астам адам қолданды.

Қазақстан бойынша қалалық және ұялы телефондардан 1499 байланыс орталығына қоңырау шалу тегін. Сапаны қадағалау үшін барлық қоңыраулар жазылады, соңында әр клиент көрсетілген қызмет үшін баға бере алады.

 

Хабарламаларға жазылу