ОПЕК президенті наурыз айында ұйымның кезектен тыс отырысы өткізілетінінен үмітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК президенті наурыз айында ұйымның кезектен тыс отырысы өткізілетінінен үмітті

12.01.2016
ОПЕК президенті наурыз айында ұйымның кезектен тыс отырысы өткізілетінінен үмітті

ОПЕК президенті Эммануэль Ибе Качикву мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауын талқыға салу үшін наурыз айында ұйымның жедел мәжілісінің  шақырылуын күтіп отыр.   

«Біз осыған дейін мұнай бағасы барреліне 35 дллардн төмендейтін болса, кезектен тыс отырыс өткізу мәселесін қарастыратынымызды айтқан болатынбыз»,-деп келтіреді ұйым басшысының сөзін Фран Пресс агенттігі. 


Оның пікірінше, мұнай бағасы кезектен тыс мәжіліс шақыратындай деңгейге жеткен.  

ОПЕК ұйымының осыған дейінгі отырысы 2015 жылдың 4-жетоқсанында өтті. Онда мұнай өндіру квотасын азайту, яғни тәулігіне 30 миллион баррель мұнай өндіру көлеміне өзгеріс енгізу бойынша ешқандай  шешім қабылданбаған. Оның үстіне, бүгінде мұнайдың әлемдік нарықтағы көлемінің шектен тыс көптігіне қарамастан ол берілген квотадан тәулігіне 1,5 миллион баррельге көп өндірілуде. ОПЕК отырысында бұл мәселе бойынша  да ешқандай шешім қабылданған. 

Хабарламаларға жазылу