Қазақстанның опера жұлдызы Италия театрында ән шырқайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның опера жұлдызы Италия театрында ән шырқайды

12.01.2016
Қазақстанның опера жұлдызы Италия театрында ән шырқайды

Жарқыраған колоратуралық сопрано иесі 31 қаңтар, 2,6 ақпан күндері «Карло Феличе» театры сахнасында Донна Анна партиясын алғаш орындайды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт миннистрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта әнші Италияда өзінің жұмысына кірісті. Театрдың жетекші солисті бұл рольге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Себебі оны алғаш рет орындайды және ол – әдемі, драмалық күрделі арияларға және нәзік те сазды бірқатар ансамбльдік көріністерге толы.

«Әрбір жаңа сахналық бейне әрқашан хикаяларға, күтпеген оқиғаларға, мейрамдарға толы, сондықтан қажымас еңбекті талап етеді», деп атап өтті Әлфия Кәрімова.

Оның пікірінше, вокалист маманы үшін дайын ешнәрсе жоқ. Жетекші партияларды орындау уақытты, үздіксіз жаттығуларды талап етеді. Онсыз   әрі қарай даму мүмкін емес. «Моцартты шырқау өте күрделі, мұнда дауыстың ырғақтала төгілуі, аспаптарға ілесе алуы, екпінді игеру, вокал позициясын дәл қою және жүз пайыз дауысты игере алу сияқты шеберлік қажет»,- деп бөлісті өз ойымен әнші.

Қоюшы Розетта Куккидің нұсқасына сай опера желісі 1980 жылдардағы Америкаға ауыстырылды. Ең инновациялық итальяндық операның заманауи режиссерлерінің жарқын да батыл спектаклі аса зор көрнекі әсер береді. Дон Жуан – сәнқой бардың жұлдызы. Сондықтан, ол айналасындағы әрбір әйелдің жүрегін жаулауға тырысады.

Әлфия Кәрімованың кейіпкері Донна Анна әйелқұмар Дон Жуанды еліктірген талғампаз бикеш. Қойылымдағы көптеген қызықты идеяларға, таңғаларлықтай тапқыр идеялар мен әсерлі шешімдерге қарап, операның жеке көзқарасты білдіретін нұсқа екенін түсіну қиын емес.

Дон Жуан партиясын Микеле Патти орындайды, Лепорелло – Лучано Леони, Командор – Грэм Бродбент, Дон Оттавио – Патрик Вогель, Донна Эльвира – Раффаэлла Лупиначчи, Церлина – Лилиа Гамберини, Мазетто – Роберто Майетта. 31 қаңтарда – маэстро Кристоф Поппен, 2 және 6 ақпанда Пабл Ассанте дирижерлік етеді.

Хабарламаларға жазылу