Статистика комитеті аттас құрдастарыңыз туралы ақпарат ұсынатын қызмет түрін таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Статистика комитеті аттас құрдастарыңыз туралы ақпарат ұсынатын қызмет түрін таныстырды

14.01.2015
Статистика комитеті аттас құрдастарыңыз туралы ақпарат ұсынатын қызмет түрін таныстырды

Тиісті жолақты толтырсаңыз болды, елдің әр түкпіріндегі құрдастарыңызды көре аласыз.

Сонымен қатар, журналистермен кездескен Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайлов біраз сандармен бөлісті. Мысалы, өткен жылы елде отау құрған отбасылар саны күрт кеміп, ажырасу артқан.

Қоғамның тағы бір дерті – суицид. 2014 жылы үш мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсапты. Жиында тұрғындарды алаңдатқан азық-түлік бағасы да сөз болды.

Мысалы, қарақұмық жармасы - 26,3 пайызға, күріш -22, картоп - 21 пайызға қымбаттаған.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу