Қазақ эстрадасында жаңадан танылып келе жатқан әнші жұп Амангелді Ахметжан мен Зағыпыран Жотай - «Таңшолпан» студиясында қонақта.
Әншілер таңғы бағдарлама арқылы шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті.
«Қазіргі кезде айтып жүрген көпшілік әндеріміздің сөзін Құралай Омар, Алмас Темірбай, Руслан Нұрбай, Қайрат Асқар, Бағдат Мүбәрак, Қуаныш Медеубаев сынды ақындар жазған. Сондай-ақ, өнерде қатар келе жатқан аға-інілеріміз бар.
Алдағы уақытта бірнеше бейнебаян түсіріп, жаңа әндер жазу жоспарлануда. Өнерде жүрген танымал әншілермен дуэт орындасақ деген мақсатымыз бар. Жаңа жылдан күтеріміз мол», дейді өнер иелері.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.