Бейнеқор. Табылды Досымов – «Асан қайғыны аңсау» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейнеқор. Табылды Досымов – «Асан қайғыны аңсау» (ВИДЕО)

03.01.2016
Бейнеқор. Табылды Досымов – «Асан қайғыны аңсау» (ВИДЕО)

Азалдан біздің бабамыз, шіркін, болған-ау, сірә, қыр кезбе,

Даламның  шетін шиырлай берген тайпалар кезіп жылда өзге.

Дендерім  менің, кең жерім менің, көлдерім, қырат-белдерім.

 

Одан соң қанша ғасырлар өлді, жүйткіді жылдар сайтандай.

Төсінде тұздың өніп келеміз кем-кетігіміз байқалмай.

Асан қайғы атам хабарсыз кетті, ізім-қайым жоғалды,

Аттанған сонау атышулы бір «іссапарынан» қайта алмай.

 

Асан қайғы атам неге кешікті, кезікпеді ме гүл-мекен?!

Ел айтушы еді бекерден-бекер кешікпейді деп бұл көкем.

Атоммен жемдеп корабльдерін күрлеген біздің ғасырға,

Желден де жүйрік желмаясы оның жете алмай қалып жүр ме екен?!

 

Жерұйық жайлы осы бір аңыз санама шуақ құйғасын,

Түсімде бойлай желмая көрем сүйреткен жерге бұйдасын.

Жұмаққа жұртын жеткізем деген кешікті неге Асан би?

Қазақтың, әлде, сезінді ме екен  атакүлдігін қимасын?

Хабарламаларға жазылу