Қазақстандық суретшілер Венеция өнер биенналесіне қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық суретшілер Венеция өнер биенналесіне қатысады

08.02.2024

Қазақстандық суретшілер Венеция өнер биенналесіне екінші рет қатысады. Биыл Италияда көрме алпысыншы рет өтеді. Еліміздің ұлттық павильонының тұжырымдамасы: «Жерұйық» деп аталатын мифтік жер туралы ежелгі аңыздың заманауи үлгісі болмақ. Қазақстандық көрме павильоны сәуір айында ашылады деп жоспарланып отыр. «Navale» мұражайының тарихи ғимаратындағы көрме 7 айдың көлемінде болады. Суретшілер елге оралғаннан кейін олардың барлық туындысы қазақстандықтардың назарына ұсынылады.

Әнуар Мүсірепов, павильонның тең кураторы:

Біз Жерұйық, көкжиектен тыс көзқарас тұжырымдамасын ұсынамыз. Қазақ аңыздарынан алынған іске айпайтын қиял-ғажайыптастарға жүгінеміз. Тақырыпты бірнеше ұрпақ аясында көрсету үшін суретшілердің үздік туындыларын таңдап алдық. Аты аңызға айналған ойшылымыз, жырау XV ғасырдың өкілі Асан Қайғыны Шамбаламен салыстырамыз.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу