Канадалық зерттеушілер Жаңа жыл мерекесіне дайындық барысында адамдардың көп жағдайда неден жарақат алатынын зерттеген. Зерттеу барысында түслі-түсті гирляндылардың денсаулыққа кері әсерін тигізетіні анықталған.
Яғни, мереке кезінде безендіру үшін қолданылатын түрлі әшекейлер адам үстіне жоғарыдан құлауы мүмкін немесе терезені безендірген түрлі-түсті шамдар зақым келтіруі мүмкін. Осындай Жаңа жылдық әшекейлерден жарақат алып ауруханаға түскен адамдардың көпшілігі хирургиялық операциялар жасауға дейін барады.
Безендіруге арналған шамдардың зардабынан мүгедек болып қалу қаупі де бар. Көбіне жарақат алған адамдардың бас сүйегі немесе бел омыртқасына, кеуде тұсына зақым келіп жатады.