Ас үйге арналған шанышқының пайда болу тарихын білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ас үйге арналған шанышқының пайда болу тарихын білесіз бе?

03.01.2016
Ас үйге арналған шанышқының пайда болу тарихын білесіз бе?

Көбі шанышқының пайда болу тарихы 9 ғасыр шамасында Орталық Шығыста басталған деген пікірде. Алайда,  көпшілік 1072 жылы Византия елінде шанышқы пайда болды деген тоқтамға келген.

Еуропа елдерінің арасында шанышқыны алғаш болып Италия мемлекеті қолданған. Италиялық зиялы қауым өкілдері ас үй құралын 17 ғасырда пайдалана бастаған.Ал, Англия және Германия елі шанышқыны тек 18 ғасырда қолданысқа енгізген.

Алғашында шанышқы пішіні тегіс болып келген. Кейінірек неміс өнертапқыштары құралды иілгіш етіп шығарған. Католиктер шанышқы сияқты ас үй құралының шығуын мойындамаған. Себебі, олар оны қолдану астамшылық деп санап, күнә деп қабылдаған.

18 ғасырдан бастап шанышқы ас жеуге арналған құрал ретінде қолданылды. Бұл құрал тек  атақты, сыйлы қонақтар алдына қойылған.

Хабарламаларға жазылу