Қолшатырдың тарихын білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қолшатырдың тарихын білесіз бе?

18.09.2014
Қолшатырдың тарихын білесіз бе?

Астанада жауынды күндер басталып та кетті. Осынау қолайсыз ауа райында бәрімізге ең керегі - әрине, қолшатыр. Сіз қолшатырдың тарихын білесіз бе?

Жаңбырдан, күннен қорғайтын қолшатырлардың отаны – Қытай. Оны Х ғасырда қарапайым ұста күннен қорғану үшін зайыбына арнап жасаған. Алғашында адамдар ұстаған қолшатырлар оның әл-ауқатын, дәулетін көрсеткен. Сол замандарда Сиам елінің патшасы бағалы тастар мен алтыннан көркемделген қолшатырдың астында отбасымен қыдыруды әдетке айналдырған екен. Ал, Бирма патшасы 24 бұрыштан тұратын қолшатыр ұстаған. Сондай-ақ, Африка елдерінде қолшатыр патша тәжімен бірдей дәрежеде саналған.

Қолшатыр туралы толығырақ білгіңіз келсе, Қазақ радиосының әуе толқынынан эфирге шығатын «Қайырлы таң, Қазақ елі!» бағдарламасының «Сіз білесіз бе?» айдарын тыңдаңыз.

 

Фото: vkdiz.ru

Хабарламаларға жазылу