Сейіл Аяған – «Кешіккенің қайткенің?» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сейіл Аяған – «Кешіккенің қайткенің?» (ВИДЕО)

03.01.2016
Сейіл Аяған – «Кешіккенің қайткенің?» (ВИДЕО)

Кешіккенің қайткенің?

Жүрегіміз - егіз десін дедің бе?

Тілегіміз -  теңіз десін дедің бе?

Көп ішінен мені іздесін дедің бе?

Кешіккенің қайткенің?

 

Күтсе күтсін, тұрса тұрсын дедің бе?

Жүрегінде жыр сабылсын дедің бе?

Әлде мықтап бір сағынсын дедің бе?

Кешіккенің қайткенің?

 

Басқа жанға тұрақтасын дедің бе?

Көңілімнен жырақтасын дедің бе?

Жүрегімді жылатпасын дедің бе?

Кешіккенің қайткенің?

 

Мәртебемді биіктетсін дедің бе?

Өзге қызды сүйікті етсін дедің бе?

Өкініштен күйіп кетсін дедің бе?

Кешіккенің қайткенің?!

Хабарламаларға жазылу