Смайликтің шығу тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Смайликтің шығу тарихы

03.01.2016
Смайликтің шығу тарихы

Смайликтер әлеуметтік желілер мен смс хабарламаларда жиі қолданылады. Смайликтің авторы – американдық  суретші Харви Болл.

Харви Болл  тапсырыс бойынша тұңғыш рет сары күліп тұрған смайликті салған. 1963 жылы американдық ірі компания жарнама акциясын жүргізу үшін Харви Боллға ерекше символ салуға тапсырыс берген. Суретші ол символды табу үшін 10 минут уақыт жұмсаған. Осы смайлик символын тапқаны үшін американдық суретшіге 45 доллар көлемінде сыйақы берілген.

Алғашында смайликтер түйрегіштерге бекітілген.  70 жылдар испаниялық ағайындылар смайликтерге «Have a Happy Day» ұранын ойлап тапқаннан кейін смайликтер дүниежүзіне таныла бастаған.

Бұл ұраны бар смайликтердің тарағаны соншалық олар футболка мен хаттардың белігісі ретінде қолданылған.

Ал, классикалық интернет смайликтерінің авторы - Скотт Фалман. 1982 жылдың қыркүйегінде Скотт Фалман смайликтерге әртүрлі символдарды қолдануды ұсынған. Сонымен Скотт Фалман бүгінгі күнге дейін танымал.

Хабарламаларға жазылу