Әлемде 262 ел бар. Олардың әрқайсысының өз нанымы мен дәстүріне байланысты Жаңа жылды атап өту салты бар. Мәселен, Польша елінде күні-түні карнавалдық кештер өтеді.
Адамдар жүздерін түрлі бояулармен бояйды, көшелерін түрлі шамдармен көркемдеп безендіреді. Сағат түнгі 00:00-ні соққанда қала тұрғындары шарларды жара бастайды.
Италияда Жаңа жыл түні тұрғындар ескі заттарын терезеден далаға лақтырады. Себебі, жаңа жылда қоқысқа кеткен заттардың орнына жаңасын алады. Ал, Венгрияда Жаңа жылға 1 секунд қалғанда ысқыру керек. Яғни, осы арқылы олар жын-шайтандарды қуамыз деп есептейді.
Кубалықтар болашақ жарқын болсын деген ниетпен үйдегі барлық ыдысты суға толтырады және сағат 00.00 болғанда 12 жүзім жейді.
Ал, Иран еліндегілер сағат тура 00:00 болғанда қолдарына күміс тиын ұстауы керек. Жаңа жылға қатысты тағы қандай елде қандай қызық бар? «Таңшолпаннан» көре аласыздар.