Сауытбек Абдрахманов: Бұл жыл ел өміріндегі белесті жыл болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауытбек Абдрахманов: Бұл жыл ел өміріндегі белесті жыл болды

31.12.2015
Сауытбек Абдрахманов: Бұл жыл  ел өміріндегі белесті жыл болды

«Бұл жыл  ел өміріндегі белесті жыл болды. Өйткені, осы жылы әлемдік қаржы дағдарысының тағы бір толқыны келе жатқаны ескеріліп, халықтың бастамасымен Президент сайлауын биыл өткізу туралы бастама көтерілді. Ерекше ауызбірлікпен халықтың  97 пайызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты жақтап дауыс берді.

Себебі, жұрт көріп отыр. Дағдарыс толқынының алдын қамдап, барлық мәселені алдын ала шешіп алу керек болды. Осыған орай жуырда Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Онда бізді алда күтіп тұрған мәселелер жөнінде айтты, міндеттер қойды, алдымыздан шығатын қиындықтарды еңсерудің жолдарын көрсетті. Бұл – биылғы жылдың басты белгісі».

«Биылғы жыл «егемендіктер» үшін де ерекше жыл. Газет қызметкерлері  өз тарихында тұңғыш рет 100 пайыз баспаналы болды.  Қаржы қыспаққа алмай тұрған кезде осы шаруаны бітірп алдық»,-дейді Сауытбек Абдрахманов.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен соңғы үш жыл көлемінде жүйелі түрде жүргізілген сұхбаттар жеке кітап болып шықты. Бұл – 2015 жылғы журналистік еңбегімнің жемісі. Елбасы кітаптың соңғы нұсқасының үстінен мұқият қарап, келісім берді. Кітап «Өмір өткелдері» деген атпен жарық көрді».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу