Президент Астананың жаңажылдық кешіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Астананың жаңажылдық кешіне қатысты

30.12.2015
Президент Астананың жаңажылдық кешіне қатысты

Жиналғандарға сөз арнаған Мемлекет басшысы алдағы жылды республикамыз  өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізетінін айтты.

«Ұлы мерекені лайықты қарсы алу үшін бүкіл еліміз жұмыла еңбек ететін болады. Егемендік жылдары жаңа ел қалыптасты, оған барша қазақстандықтардың күш-жігері арқылы қол жеткізілді. Көпэтносты және көпконфессиялы халқымызға бірлескен жұмыс үшін зор алғысымды білдіргім келеді», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев баршаны алдағы Жаңа жылмен құттықтады және елімізге игілік, әр үйге татулық пен келісім тіледі.

Қайырымдылық кешінен түскен қаражат түгелімен «Мейірімділік» Ерікті қоғамы» қорына аударылады.

 

Хабарламаларға жазылу