«Қазақстан» Ұлттық арнасы келер жылы көрермендеріне жаңа сериалдар топтамасын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық арнасы келер жылы көрермендеріне жаңа сериалдар топтамасын ұсынады

29.12.2015
«Қазақстан» Ұлттық арнасы келер жылы көрермендеріне жаңа сериалдар топтамасын ұсынады

«Өмірдің өзі новелла» - бұл лирикалық, драмалық және өмірдегі терең ойландыратын оқиғалардан құралған. Сериалдың өнегелі тәрбиелік мәні бар. Көрермендер алдында жарқын әрі әсерлі оқиғаларға толы қоғам өмірінен алынған жекеленген өмір парақшалары ашылады. Әрбір серия адамзат өмірінде кездесетін ата-ананы сыйлау, достық, адалдық, сатқындық, рақымшылық, дәстүрге құрмет секілді өзекті мәселелерді қозғайды.

Киноновелла топтамасы өздігінше 24 бөлек фильмерден құрастырылған, оның әрбіреуі қай жағынан не күтіп тұрғанын білмейтін шытырман оқиғалар қатарынан құралған. Оқиғалар желісі бір бірімен тікелей байланыспаған және әрбір эпизод бірегей стильде ұсынылған. Фильмде кейіпкелердің әртүрлі мінез-қылықтары араласқан оқиғалармен толы. Сериалдың айрықша ерекшелігі бұл ұзаққа созылатын қызықсыз сюжеттерден құрастырылмаған.

Фильмдегі кейіпкерлердің өмірі әдеттегі өмірде болып жататын мәселелермен сәйкес келеді. Сол себепті оны көріп отырған адам оларды өз өміріндегі әртүрлі сәттермен салыстыра отырып, ой елегінен өткізе алады. Сериал отбасына арналған және ол кез-келген жастағы көрермендерді қызықтырады деген ойдамыз. «Қазақстан» арнасында сериалдың көрсетілімі 9 қаңтардан басталады.

Өз кезегінде «Қазақстан» арнасы барлық көрермендерге жарқын әрі әсерлі  жобалар дайындап келер жылы назарларыңызға ұсынуға дайын екендігін жеткізеді.                   

Хабарламаларға жазылу