«Қазақстан» Ұлттық арнасы көрермендеріне «Алтын ұя» атты жаңа телехикая ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық арнасы көрермендеріне «Алтын ұя» атты жаңа телехикая ұсынады

15.02.2016
«Қазақстан» Ұлттық арнасы көрермендеріне «Алтын ұя» атты жаңа телехикая ұсынады

Сюжеттің басты мақсаты - бір ауылда бейбітшілік пен келісімде тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің күнделікті өмір тіршілігін көрсету. Сериалда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдерінен бүгінгі күнге дейінгі көріністер көрсетілген.

Кинотуындының бас қаһармандары - Қаратаевтар отбасы. Осы отбасының айналасында түрлі ұлт өкілдері бірігеді. Отағасы Тұрғамбайдың рөлін танымал актер Нұржұман Ықтымбаев, ал оның әйелін актриса Райхан Айтқожанова сомдайды. Олар өз өмірлерін түгелдей темір жол саласына арнаған жандар. Кинокартинада маңызды ролдің бірін дәрігер Юрий Цой ойнайды. Сондай-ақ, ауылдастарын жарықтың жоқтығынан сақтап қалған және әлемдегі барлық оқиғалардан хабардар болу үшін «кеңестік» кезең құлаған кезде электрогенератор ойлап тапқан өнертапқыш Андрей Гибнер тұлғасында инновацияға да орын беріледі. Алғыр кәсіпкер Ысмайылдың арқасында ауылда сауда-саттық өркендейді. Жас Қазақстанның қалыптасуына өз үлесін Валентина Федоровна да қосады, кейіннен ол Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесіболады.

Сериалда махаббат пен түңілу, жақсылық пен зұлымдық қатар жүреді. Алайда, хикая қаһармандары ынтымақ пен бірліктің арқасында, қоғам мен мемлекетке пайда тигізу мақсатымен барлық қиындықтарға төтеп беріп, алға қойған асқақ армандарына қол жеткізеді.

Туындының қоюшы режиссері  Ержан Рүстембеков, қоюшы оператор Николай Работягов, қоюшы суретші  Марат Иманберген, продюсері  Құралай Анарбекова. Сонымен қоса, сериал актерлерінің жұлдызды құрамасын да айта кеткен жөн - Бақыт Исабекова, Бауыржан Сұрапбаев, Бейбарыс Өтеуіл, Татьяна Заводовская, Александр Лукашевич, Анна Старченко, Сержан Аманкулов, Алексей Примачок, Дмитрий Югай, Александр Лаврова, Лазиз Исаметов.

«Алтын ұя» көпсериялы көркем фильмін 25 ақпаннан бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 21:05-те «Қазақстан» арнасынан тамашалауға шақырамыз.

Хабарламаларға жазылу