«Қазақстан» Ұлттық арнасы жаңа қазақстандық хикаяларын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық арнасы жаңа қазақстандық хикаяларын ұсынады

28.12.2015
«Қазақстан» Ұлттық арнасы жаңа қазақстандық хикаяларын ұсынады

«Шырғалаң» - бүгінгі өмір талаптарына сәйкес, мемлекеттік орган қызметкерлерінің қалыптасуы және кәсіби өсуі туралы сыр шертетін детективті кино жанрында түсірілген қазақстандық көркем хикая. Әрбір сериясы өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, өздеріне сеніп тапсырылған міндеттерді қауіпсіздік пен кедергіге қарамастан адалдықпен орындайтын мемлекеттік орган қызметкерлерінің бейнесін ашады.

Хикая кейіпкерлері қылмыс құрылымының шырғалаңдарын шешуге негізделген түрлі оқиғаларды бастан кешіреді.  

Оқиға қаржы полициясында сегіз жылдан астам еңбек еткен Жомарт, Әділет және Қанат есімді үш достың мемлекеттік басқа құрылымға ауысуды жоспарлаудан басталады. Мақсаттарын нақты көздеген жігіттер Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жұмысқа тұру үшін емтихан тапсыруға дайындалады. Мұнда олар полиграфта тестілеуден өтулері тиіс. Байқаудың барлық кезеңдері аяқталғаннан соң Жомарт және Әділет барлық тапсырмаларды жақсы орындап, мемлекеттік органдарда қызметтерін жалғастырады. Ал Қанат болса, полиграфтағы тестілеуден өте алмай қалады. Дәл осы сәттен бастап, үш достың тағдыры үш айырылысып, олар заңның екі жағында қалып қояды.  

Туындының үлкен шеберлікпен көрсетілген еліктірер сахналары өте көп. Фильмнің көрермендерді оқиғаның мазмұнына беріліп, бас кейіпкерлердің өміріне деген алаңдатушылықтарын тудыратын күші бар. 

Фильм оқиға желісін бағалай алатын өз көрерменін табатынына сенімдіміз.  

«Шырғалаң» хикаясының алғашқы сериясын 14 қаңтар күні сағат 21:05-те «Қазақстан» телеарнасынан тамашалаңыздар.  

«Қазақстан» ТРК тұрақты көрермендерін өз көрермендерін жаңа жобаларымен және хикаяларымен жаңа жылда да қуанта бермек.

Хабарламаларға жазылу