Алмагүл Баймахан: Бала кезімізден заңға қызмет ету керек, деген тәрбиемен өстік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алмагүл Баймахан: Бала кезімізден заңға қызмет ету керек, деген тәрбиемен өстік

29.12.2015
Алмагүл Баймахан: Бала кезімізден заңға қызмет ету керек, деген тәрбиемен өстік

Алмагүл Баймахан Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасында қызмет етеді. ҚР ІІМ Қостанай академиясының түлегі  құқық қорғау саласындағы білікті маман. Болашақ мамандығын дұрыс таңдауына берілген тәрбиенің септігі тигенін айтады.

«Бұл – бала күнгі арманым, бір жағынан еліктеу десе де болады. Себебі, әкем 30 жыл бойы осы салада қызмет еткен жан, қазір зейнетте. Ағаларым да осы қызметте. Әрі бала кезімізден заңға қызмет ету керек, деген тәрбиемен өстік»,-дейді Астана қаласы ІІД аға тергеушісі Алмагүл Баймахан.

Алмагүл Тұрсынбайқызы еңбек жолын Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасында тергеуші болып бастаған.  Академияда алған білімін тәжірибеде ұтымды қолдана білген тергеушінің қызметі мен шені өсті.

«Біздің мақсат – адамды жабу, кінәлау, күдікті деп тану емес. Бізге әділдік керек»,-дейді ол.

Ішкі істер саласында қызмет етуге бекінген әрбір жан алда өзін не күтетінін анықтап барып кіріскені жөн. Себебі, мұнда жауапкершілік пен талап жоғары.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу