Ұлттық арнада – Гүлбаршын Тергеубекованың концерті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – Гүлбаршын Тергеубекованың концерті

27.12.2015
Ұлттық арнада – Гүлбаршын Тергеубекованың концерті

Гүлбаршын Тергеубекованың репертуарында Арқа әндерімен қатар, бүгінгі заманауи эстрадалық әндер де бар. Біржан сал, Ақан сері, Естай, Мәди, Майра, Үкілі Ыбырай және Қасым Аманжолов әндері әншінің орындауында аса бір халықтық орындаушылық сипатқа ие болады.

Ақын Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы», «Дариға сол қыз» сынды бірді-екілі әнін білмесе, жалпы бір кешке арқау бо­­ларлық музыкалық мұрасы бар екенін көпшілік қауым біле бермейтін.

Бі­рақ, Гүлбаршын Тергеубекованың бастамасымен қолға алынған «Қасымның әндері-ай!» ат­ты концерт тыңдар­ман үшін жаңалық болды.

Бұл турасында әнші: «Жалпы ақынның рухы өршіл, мі­незі өткір келгенімен, әндеріндегі иірім нәзік лиризм мен терең толғанысқа құ­рылған. Қасым әндері кейде маған ақын­ның жүрек түкпіріне тұнған жан дертін, қайғы-қасіреті мен арыз-арманын ға­ламат бір отты, қуатты, бірақ, соншалықты сыршыл да нәзік сезіммен ән ноталарына әкеліп жанартаудай жарып жібергендей көрінеді»,-дейді.

Дәстүрлі әнші, «Құрмет» орденінің иегері, «Қасымның әндері-ай», «Абай әндері», «Алматы – ғашықтар мекені» атты жобалардың негізін қалаушы және жетекшісі Гүлбаршын Тергеубекованың «Мәңгілік ел» атты концертін бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:10-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу