1868 жылы Лондон қаласында алғаш көше бағдаршамы пайда болды. Бағдаршамды ағылшындық инженер Найт ойлап тапқан.Бағдаршам прототипі болып теміржол бағытын реттеуге арналған теміржол бағдаршамы саналады.
Алғаш ағылшын парламенті алдында орналасқан бағдаршамның түрлі-түсті шамдары арнайы белбеулер арқылы ауыстырылып отырған. Ол үшін арнайы полиция қызметкері бағдаршамды күзеткен. Құрылғыны толық іске қоспас бұрын Лондон газеттерінде бағдармашның түстеріне қатысты мақалалар шыққан. Яғни, әр түстің мағынасы қала тұрғындарына түсіндірілген.
Ал, автоматты түрде жұмыс істейтін бағдаршам түрлері американдық Кливенд қаласында 1914 жылы пайда бола бастады. Бұл бағдаршам түрлері электрлі болғанмен, тек қызыл және жасыл түсті шамдары жанған. Бағдаршамның сары түсті шамы 1918 жылдары шықты.
Сонымен қатар, Ресейде алғаш бағдаршам 1924 жылы қойылған. Құрылғы шамдарының жану ұзақтығы алғашында қолқұрылғылары арқылы реттелсе, уақыт өте келе барлық жүйесі автоматтандырыла бастады.