«Алло» сөзін ойлап тапқан кім? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алло» сөзін ойлап тапқан кім?

15.08.2015
«Алло» сөзін ойлап тапқан кім?

1876 жылы Дүниежүзілік Филадельфия көрмесінде америкалық ғалым Александр Белл алғаш рет халық назарына телефон аппаратын ұсынды. Ол грек тілінен аударғанда «теле» - алыс, «фоно» - дыбыс деген мағына берді.

Өнертапқыштың бұл туындысы нағыз жаңалыққа айналды. Көрменің құрметті қонағы Бразилия патшасы дон Педро II телефон тұтқасын көтеріп, бөлменің арғы бетіндегі Александр Беллдің дауысын естігенде қатты таңғалған.

Алғашқы телефонның дыбысында ақау болып, тек 250 метр қашықтық аралығына ғана жетсе де, оның халық арасында танылуына кедергі бола алмады. Алайда, тұтқаның екі жағында тұрған адамдар бір-біріне  қандай қаратпа сөз айтатынын білмеді.

Александр Белл «Аhoy», яғни «Эй» сөзін ұсынды. Бірақ, бұл сөзді теңізшілер кемелері кездескенде қолданатын еді. Осы кезде ғалымның танымал әріптесі Томас Эдисон  «Нello» сөзін ойлап тапқан.  

Хабарламаларға жазылу