Алматылық бүлдіршіндерге арналып, қала әкімінің жаңажылдық шыршасы ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық бүлдіршіндерге арналып, қала әкімінің жаңажылдық шыршасы ұйымдастырылды

25.12.2015
Алматылық бүлдіршіндерге арналып, қала әкімінің жаңажылдық шыршасы ұйымдастырылды

Жас бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық салтанатты шараға 1 мың 700-ден астам кішкентай алматылықтар қатысты. Олардың арасында оқу үздіктері, жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасы бүлдіршіндері бар.

Қала басшысы Жаңа жылдық шыршаның әрбір бала үшін жаңа армандарға, жақсылықтар мен ізгі ниеттерге толы көңілді шара екендігін айтты.

«Құрметті балалар, мен сендерді сиқырға толы көңілді мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл қашанда жаңа мүмкіндіктреге толы. Президентіміздің арқасында балаларға барлық жғдайлар жасалуда, олар ойдағыдай демалып, терең біліммен сусындауда. Өздеріңе және өз идеалдарыңа сенімді болыңдар. Өз күштеріңе сеніп, әлсіздерге көмектесіңдер, үлкендерді сыйлап, өз қалаларың мен Отанымызды сүйіңдер. Үнемі тек қана жақсылық жасауға тырысыңдар. Мен сендерге тек қана табыс тілеймін, Жаңа жыл бақытқа толы болсын, еліміз одан әрі өркен жайсын», -  деді Б.Байбек.

Жаңа жылдық бағдарламаға түрлі аңдар мен ертегі кейіпкерлерінен құралған театрландырылған қойылым енген.

Мереке соңында әр балаға Алматы қаласы әкімінің атынан сыйлық ретінде сөмке берілді, оның ішіне кеңсе тауарлары, кәмпиттер, сноуборд, конструктор, басқа да балаларға қажетті заттар салынған.

 

Хабарламаларға жазылу