Индонезиядағы жолушылар паромының аударылуының салдарынан мерт болғандар саны 63 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезиядағы жолушылар паромының аударылуының салдарынан мерт болғандар саны 63 адамға жетті

25.12.2015
Индонезиядағы жолушылар паромының аударылуының салдарынан мерт болғандар саны 63 адамға жетті

Желтоқсанның 19-ы күні Индонезияның Сулавеси аралының жағалауларында паромның аударылуы салдарынан мерт болғандар саны  63 адамға жетті.

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлаған. Жолаушылар паромы Сулавеси аралынан 21 километр жердегі жағалауда мықты боранның салдарынан  аударылған. Боран көтерген толқындардың биіктігі 5 метрге жеткен. Апаттан құтқарылған 40 адам келесі күні ашық теңізден табылды. Олар құтқарушы кеудешелердің арқасында су бетінде қалқып жүрген.

Балықшылардың қайықтарына жармасқан бірнеше адамды балықшылар құтқарып қалды.  Капитанды қосы есептегенде, екі азаматы іздестіру тобының мүшелері ашық теңізден үш күннен соң тапқан. Олар аман. 

Паромның бортында команда мүшелерін қоса алғанда барлығы 118 адам болған, деп хабарлайды ТАСС.

 

  
 

Хабарламаларға жазылу