Индонезияда бірнеше сағат бойы үйінді астында жатқан 5 айлық нәресте құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда бірнеше сағат бойы үйінді астында жатқан 5 айлық нәресте құтқарылды

18.03.2019

Индонезияда алапат су тасқынынан кейінгі құтқару жұмыстары кезінде 5 айлық нәресте құтқарылды. Ол бірнеше сағат бойы үйінді астында жатқан. Сәбидің әкесі де аман-есен, алайда, анасы әлі табылған жоқ.

Елде сенбінің түнінде үздіксіз жауған нөсерден қаза тапқандар саны 77-ге жетіп, 60-тан астамы із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұған қоса, 4 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Құрбандардың саны әлі де өсуі  мүмкін. Себебі, лай көшкіні жүріп, көпірлер бұзылғандықтан, құтқарушылар тасқын жайлаған аудандардың кейбіреулеріне жеткен жоқ.

Табиғи апаттан Индонезияның Сентани қалашығы орасан зардап шекті. Қаза тапқандардың да басым көпшілігі осы жердің тұрғындары. Қалашықтың су астында қалуына бұған дейін оның айналасындағы орманның оталуы себеп болса керек.  

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу