Үрмелі шарлар қалай жасалады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үрмелі шарлар қалай жасалады? (ВИДЕО)

25.12.2015
Үрмелі шарлар қалай жасалады? (ВИДЕО)

Үрмелі шарлар XX ғасырдың 30-шы жылдары өндіріле бастады. «Таңшолпан» бағдарламасы олардың жасалу жолдарын ұсынады.

Ең алдымен, өсімдіктен алынатын шайыр құйылған үлкен бөшкеге бояулар қосылып араластырылады. Араластыру процесі 15-16 сағатқа созылады. Түйіршіктері өтіп кетпес үшін қоспаны дәке арқылы сүзгіден өткізеді.

Шарлар 53 түрлі пішінде өндіріледі. Конвейердің үстінен жүретін шарларға арналған қалып бүріккіш арқылы ыстық сумен жуылады. Шайыр жабысып қалмас үшін қалыптар арнайы сұйықтыққа малынып алынады. Кейін формалар түсті шайырға салынып боялып шығады. Бұл сұйықтық тез кебетіндігімен ерекшеленеді.

Содан соң барып конвейердің үстімен айналып тұратын ысқыштардан өтеді. Осы құрал шардың төменгі жақтарын қайырып шығарады.  Бұл шарды үрлегенде ыңғайлы болуы үшін қажет.

Бұдан кейін шарлар 16 минут ыстық суда малынып тұруы қажет. Бұл процесс арқылы зиянды заттар мен аллергия тудыратын белоктар түгелімен жойылады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» тамашалаңыз.

 

Хабарламаларға жазылу