«2015 жылдың қорытындысы еліміздің халықаралық аренадағы беделінің өскендігін, сыртқы саясаттың барлық бағыттары бойынша Президент бекіткен ұстанымдардың нығайғандығын көрсетті. Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы өзінің обьективтілігін, өміршеңдігін және стратегиялық сенімділігінкөрсетті»,-деді ведомство басшысы.
Оның сөзінше, 2015 жылы Мемлекет басшысы 13 сапар жасады. Сонымен қатар, 38 халықаралық іс-шара мен 70 екіжақты кездесу ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Ерлан Ыдырысов Президенттің келесі жылғы сапарларының кестесі әлі қарастырылып жатқандығын атап өтті. «Келесі жылғы сапарлардың кестесі нақтылануда. Дегенмен, айта кететін мәселе келесі жылдың наурыз айының соңында Вашингтонда ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит өтеді. Ал, біздің Президентіміз ядролық қаруға қарсы қозғалыстың белсенді мүшесі. Сондықтан, Елбасының АҚШ-тың басшылығы тарапынан осы саммитке шақырылатыны белгілі»,-деді Ыдырысов.