Жыл қорытындысы. Жылдың басты халықаралық жаңалықтары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл қорытындысы. Жылдың басты халықаралық жаңалықтары

25.12.2016
Биыл дүние жұртын елең еткізген күтпеген жаңалықтар аз емес.

Өтіп бара жатқан жыл әлем үшін де айтулы оқиғаларға толы болды. Биыл дүние жұртын елең еткізген күтпеген жаңалықтар аз емес. АҚШ-та болған президент сайлауында Дональд Трамп, Ұлыбританияда Еуроодақтан шығу жөніндегі референдумда ортақ өгізден оңаша бұзауды артық көретіндер жеңіске жетті.

Ағылшындар мұны өздерінше «брексит» деген бір-ақ ауыз сөзбен түйіндепті. Ал, Түркияда әскери төңкеріс жүзеге аспаса, Сирияда Алеппо үшін шайқас Асад армиясының жеңісімен аяқталды.

ОПЕК болса, 2008 жылдан бері алғаш рет мұнай өндірісін қысқартуға келісіп, энергетикалық нарыққа үлкен серпін берді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу