Алматыда жазушы Жақсылық Сәмитұлының 75 жылдығына арналған жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жазушы Жақсылық Сәмитұлының 75 жылдығына арналған жиын өтті

22.12.2015
Алматыда жазушы Жақсылық Сәмитұлының 75 жылдығына арналған жиын өтті

Көрнекті жазушы Жақсылық Сәмитұлының 75 жылдығына арналған «Қазіргі қазақ прозасының өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жиынға жазушының туыстары мен көзін көрген қоғам қайраткерлері, жазушылар қатысты. Естеліктерімен бөлісті. Оның шоқтығы биік шығармасы - «Қаһарлы Алтай» туындысы. Бұл трилогияда қазақты бірнеше рет жау қолынан алып қалған Оспан батыр туралы айтылады. Өмірінің жиырма жылы қуғын-сүргінмен өтіп, соңғы 30 жылда шығармашылықпен айналысқан жазушының шығармаларын екіге бөліп қарау керек дейді әдебиетшілер.

«Жақсылық Сәмитұлы - 30 жыл шығармашылығының 15 жылын Алтайда, 15 жылын қазақ жерінде өткізген жазушы. Оның шығармаларының барлығы қазақ тарихына арналған. Жақсылық Сәмитұлы - қазақ прозасын жаңа тақырыптармен, жаңа кейіпкерлермен байытқан жазушы»,- деді М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д Гүлжаһан Орда.

Хабарламаларға жазылу