Қалалық ата-аналардың дені бөбектерін балабақшаға береді. Алайда, таңда апарып тастағаннан кешке дейін сәбиінің немен айналысатынынан, қандай тамақ ішетінінен, баланың нені оқып, нені үйренетінінен хабарсыз.
Балабақшаның да түр-түрі бар. Бірінде жағдай жақсы, бірінікі орташа, бірінікі тіпті нашар. Бағасы да солай.
Бақшадағы балаңыздың жағдайынан хабардарсыз ба? Тәрбиешіге көңіліңіз тола ма? Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабары тікелей эфирде сарапшы мамандармен бірге осы мәселені талқылайтын болады.