Таразда балаларын бақшаға бере алмаған ата-аналар қалалық білім бөлімін торуылдап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда балаларын бақшаға бере алмаған ата-аналар қалалық білім бөлімін торуылдап жүр

30.05.2023

Таразда балаларын бақшаға бере алмаған ата-аналар қалалық білім бөлімін торуылдап жүр. Олардың айтуынша, жауапты мекеме бүлдіршіндерге екі жылдан бері жолдама беруді жолға қоя алмай келеді. Тұрғындар бұл мәселеге қағаз жолдаманың енгізілуі себеп дейді. Цифрландыру дамыған уақытта бақшаға баруға құқық беретін құжаттың электронды түрде жүргізілмей жатқанына наразы. Салдарынан, 400-ден астам ата-ана балаларын үйде ұстап отыр. Кезек күткендер алдымен электронды портал арқылы тіркеліп алады. Артынша, жолдаманы алу үшін/ Білім бөліміне барады. Бірақ құжатқа қолым жетті дегенде бақшада орын жоқ боп шығады деп күйінеді.

Айша Ташенова, қала тұрғыны:

Мен 208-ші боп тұрмын. Іште бағанадан бері новорожденныймен тұр. Кіре алмайды. Тіркелу не проблема тұрғындарға қызмет көрсету орталығынан барып тіркелеміз. Бірақ сол бақшаға бару үшін жолдама алу үлкен шаруа.

Бүгінде Тараздағы барлық 45 мемлекеттік балабақшада орын тапшылығы бар. Білім бөлімі электронды базасының істен шығуы жығылғанға жұдырық болды дейді. Сондықтан, жолдама беру жүйесін бұрынғыдай ескі әдіске көшіріпті. Бұл кезек санының артуына әкеледі. Ал кәдеге жарап тұрған «Е-әкімдік» базасы тек баланы тіркеуді іске асырғанымен, жолдама беруге жарамсыз.

Раушан Қожамжарова, қалалық білім бөлімінің басшысы:

Барлық мемлекеттік бала-бақшалар бізге бос орындар туралы ақпаратты күнделікті беріп отырады.Үйлерінде жолдама алуға мүмкіндік болмағаннан кейін, міндетті түрде келіп, кезекке тұрып, біздің осы қалалық білім бөлімінен жолдама алып кету қарастырылады.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу