Үш жастағы балада да өтпелі кезең болады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш жастағы балада да өтпелі кезең болады (ВИДЕО)

30.10.2015
Үш жастағы балада да  өтпелі кезең болады (ВИДЕО)

Балаңыз тентекке айналып бара ма? Бәрін өз бетімен жасағысы келе ме? «Ана киімді кимеймін!», «Мына асты жемеймін!» деп, жиі қиғылық сала ма?

Ендеше сіздің балаңыз өтпелі кезеңді бастан кешіруде. 3 жастағы бүлдіршіндерде өтпелі кезең болатыны дәлелденген.

«Өтпелі кезең кезінде баланы қатарластарына қосу керек. Балада «мен өзім» деген тіркес қалыптасады да, үлкендердің айтқанын істегісі келмейді. Мұндай кезде бала жылаңқы, табанды, қырсық болсын, оны жақсы көру керек», - дейді психолог Шабыт Дәуленбеков.

Егер балаңыз бәрін өз бетінше жасауға тырысса, айтқандарыңызға құлақ аспаса, сіздің кез келген ұсынысыңызды дұрыс қабылдамаса, қыдырып жүргенде басқа жақа қашып кетсе, балаңыздың өтпелі кезеңді бастан өткеріп жатқанына еш күмән жоқ.

Балаға тән өтпелі кезеңдегі бүлдіршіндерге қалай қарау керек? Оларды бұл жағдайды оңай өткеру үшін ата-ана тарапынан қандай көмек қажет? Нені назарда ұстап, неден бас тартқан жөн?

Маман кеңесін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз. 

Хабарламаларға жазылу