Бейжіңде және Солтүстік Қытайдың 30-дан астам қалаларындағы зиянды қалдықтардан жиналған қара бұлт әрбір адамның денсаулығына үлкен зиянын тигізетіндей жағдайға жетті, деп мәлімдеп отыр мамандар.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің хабарлауынша, спутниктік бақылау шараларының деректері бойынша, қою қара бұлт Бейжің-Тяньцзинь-Хэббей өңірінің шамамен 660 мың шаршы километр аймағын торлап тұр.
Көптеген аймақтарда PM 2.5 микробөліктерінің деңгейі бір текше метр ауаға 500 тіпті 600 бірліктен келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, қауіпсіз норма 25 бірлік болуы керек.
Бейжіңде ең қауіпті экологиялық қауіптің «қызыл» деңгейі сақталуда. Ол желтоқсанның 22-не дейін сақталады. Ел биілігі қазір жергілікті тұрғындарға өздерінің денсаулықтарына абай болып, уақыттарын мүмкіндігінше көшеде өткізбеуге тырысуға шақырып жатыр. Қала магистральдарындағы қозғалыс шектелді.
Отшашулар ұйымдастырып, тағамды ашық отқа пісіруге тыйым салынды. Көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды. Орта және бастауыш мектептердегі оқу тыйылды. Ал, ұйым, мекемелердің басшылығына өздерінің жұмыс кестелеріне түзету енгізу ұсынылды.
Экологиялың қауіптің «қызыл» деңгейі ең алғаш рет Бейжіңде биылғы жылдың 8-10 желтоқсан аралығында енгізілді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.