Канадалық компания Бейжіңде таза ауа толтырылған баллондар сатып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадалық компания Бейжіңде таза ауа толтырылған баллондар сатып жүр

18.12.2015
Канадалық компания Бейжіңде таза ауа толтырылған баллондар сатып жүр

Uznayvse.ru сайтының хабарлауынша, алдымен бұл жоба қалжың ретінде орын алған. Алайда, тұрғындар ауа толтырылған құтыларды  лезде сатып алып кеткен. Оның үстіне көптеген фирмалар қазір канадалықтардың өнімдерін Қытай астанасында да сатуға ниет бідіріп отыр.

Vitality Air компаниясының өкілдері өздерінің баллондарына қажетті ауаны құзды жартастардың басынан алып жүргендіктерін жеткізген. Фирма бұрын ауа толтырылған eBay пакеттерін бір долларға сатып келген болса, ауа толтырылған баллондардың бағасы 28 долларға жетеді.  

Айта кетейік, Бейжіңді қазір Қытайдың өзге қалалары сияқты зиянды қалдықтардан құралған қара бұлт басқан. Ал, осыған дейін Чжанцзяганьда мейрамхана қызметкерлері онда келушілерден таза ауамен демалғандары үшін ақы алған. 

 

Хабарламаларға жазылу