«Kazsport» волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың ойындарын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

21.12.2015
«Kazsport» волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

21-26 желтоқсан аралығында Өскеменде Ұлттық лигада сынға түсетін әйелдер арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионатының 3-ші тур ойындары өтеді.

Әзірге 2 турдың қорытындысы бойынша чемпионатта 22 ұпаймен «Астана» клубы көш бастап тұр. 2-ші орында 19 ұпай жинаған павлодарлық «Иртыш-Казхром» командасы келеді. Ал, үздік үштікті өткен маусымның чемпионы талдықорғандық «Жетісу» клубы түйіндеп тұр (18 ұпай).

Сонымен қатар, чемпионаттың 4-ші сатысында 15 ұпаймен «Алматы», 5-ші орында өскемендік «Алтай» келеді. Ал, 5 ұпай иеленген «Қарағанды» біріншілікті түйіндеп тұр.  

Ойындар 21-26 желтоқсан аралығында Өскемендегі жекпе-жек сарайында өтеді. Турдың барлық матчтарын «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

ТРАНСЛЯЦИЯ КЕСТЕСІ:

21 желтоқсан

13:50. «АСТАНА» - «ҚАРАҒАНДЫ»

15:50. «ЖЕТІСУ» - «АЛМАТЫ»

17:50. «ИРТЫШ-КАЗХРОМ» - «АЛТАЙ»

 

22 желтоқсан

10:50. «ҚАРАҒАНДЫ» - «АЛМАТЫ»

12:50. «АСТАНА» - «ИРТЫШ-КАЗХРОМ»

15:00. «АЛТАЙ» - «ЖЕТІСУ»

 

23 желтоқсан

13:50. «ИРТЫШ-КАЗХРОМ» - «ҚАРАҒАНДЫ»

15:50. «ЖЕТІСУ» - «АСТАНА»

18:00. «АЛМАТЫ» - «АЛТАЙ»

 

25 желтоқсан

13:50. «АСТАНА» - «АЛМАТЫ»

16:00. «ИРТЫШ-КАЗХРОМ» - «ЖЕТІСУ»

18:05. «ҚАРАҒАНДЫ» - «АЛТАЙ»

 

23 желтоқсан

10:50. «ЖЕТІСУ» - «ҚАРАҒАНДЫ»

12:50. «АЛМАТЫ» - «ИРТЫШ-КАЗХРОМ»

14:55. «АЛТАЙ» - «АСТАНА»

Хабарламаларға жазылу