​«Kazsport» футболдан Қазақстан мен Ағылшын Премьер-лига ойындарын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

​«Kazsport» футболдан Қазақстан мен Ағылшын Премьер-лига ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

09.04.2016
​«Kazsport» футболдан Қазақстан мен Ағылшын Премьер-лига ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Алғаш «Kazsport» телеарнасы сағат 13:50-де «Ордабасы» - «Тобыл» матчын тікелей эфирде көрсетеді. Бұл ойын аяқталған соң, елордалық «Астана» мен «Тараз» клубтары арасындағы теке-тіресті көре аласыздар.

Сағат 17:50-де көрермендерге Ағылшын Премьер-лигасы жол тартады. Онда «Вест Хэм Юнайтед» өз алаңында Лондонның «Арсенал» клубын қабылдайды. Ойынды тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Ал, сағат 19:50-де ағылшын Премьер-лигасы аясындағы «Суонси Сити» - «Челси» мен сағат 22:20-де «Манчестер Сити» - «Вест Бромвич» матчын назарларыңызға тікелей эфирде ұсынамыз. Сонымен қатар, түнгі сағат 00:30-да «Уотфорд» - «Эвертон» ойынының жазып алынған нұсқасын ұсынамыз.

Айта кетейік, ертең де «Kazsport» телеарнасы Англия Премьер-лига ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу