Футбол жұлдызы Лионель Месси туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол жұлдызы Лионель Месси туралы қызықты деректер

20.12.2015
Футбол жұлдызы Лионель Месси  туралы қызықты деректер

2015 жылдың 24 шілдесінде Лионель Месси  28 жасқа толды. Бразилияда өткен соңғы Әлем чемпионатында ол  турнирдің үздік ойыншысы атанды. Ал, 2012 жылы өзінің төртінші «Алтын добын» иеленді. Ағымдағы маусымдағы ойынына қарап (Чемпиондар лигасы, Испания кубогы мен чемпионаты қоржында), бесінші «Алтын доптың» да ауылы алыс емес екенін аңғаруға болады.

Негізі, бүгінгі танымалдылық оңайлықпен келмеді. Өзінің ең алғашқы құрама үшін  ойынында ол жеңіске жетпеген. Сенбесеңіз, 2005 жылғы 7 тамызда өткен Аргентина-Венгрия арасындағы матчты көріңіз.

Айта кету керек, бұл оның спорттық өміріндегі жалғыз ғана ойыннан шеттетілуі болатын.  Осы алғашқы ойынымен байланысты Мессидің тағы бір ерекше оқиғасы бар. «Барселонамен» келісім шартты футболшы қарапайым салфеткада жасаған екен. Бала кезінен Лионель бойының қысқалығынан көп қиындық көрген. Ойлап қарасаңыз, 9 жасында оның бойының ұзындығы – 124 см болса, қазір – 169 см. Егер уақытында емделмегенде, бүгінде Мессидің бой 140 см ғана болар еді.

Дәл осы жағдай Мессидің аргентиналық «Ривер Плейт» клубымен келісім шарт жасасуына кедергі келтірген еді.  Алайда, «Барселона» өкілдері баланың жарқын болашағын байқап, айына 1500 доллар тұратын емдік шараларын төлеуге бел байлайды.

Футболшының жеңістің құпиясы туралы айтқаны:

«Ерте тұр, көп жұмыс істе және мұны күн сайын қайтала. Жыл сайын қайтала. Жеңіске жетпейінші қайталай бер».

Хабарламаларға жазылу