Қытай мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымының көлемі 1,1 млрд долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымының көлемі 1,1 млрд долларға жетті

18.12.2015
Қытай мен Қырғызстан арасындағы  тауар айналымының көлемі 1,1 млрд долларға жетті

«Қытай Қырғызстанның жақын көршісі және ірі инвестициялық әріптесі. 2014 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1 млрд 180 млн долларды құрады. Бұл мемлекеттер арасында экономикалық ынтымақтастықты дамытуды белсендендіруге негіз бар деген сөз»,-деді министр.

Сонымен қатар, Қырғызстан министрі өз елінің Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі екендігін және осы ұйым аясында инвесторларға үлкен мүмкіндік жасалатындығын мәлім етті. Қырғызстанда ізгі заңдар, ыңғайлы салық жүйесі, арзан электр энергиясы мен жұмыс күші бар. Бұған қоса, қазіргі таңда осы елде бизнесті жүргізуді жеңілдетуге бағытталған шарттар қарастырылуда.  

  
Сондай-ақ, жиында Қырғызстанның қазіргі таңдағы инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтылып,   
Қытайдың «China Road and Bridge Corporation», «Tapline», «San churn Beijing Century Energy Technology Corporation» сияқты компаниялары өздерінің жобалары туралы мәліметтерді ұсынған.

Жиын соңында Қытайдың IZP компаниясы мен Қырғызстанның «Банкаралық дәуірлеу орталығы» арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған деп жазады КирТАГ.


 

Хабарламаларға жазылу