«Таңшолпанда» - қолөнер шеберлері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - қолөнер шеберлері

17.12.2015
«Таңшолпанда» - қолөнер шеберлері

Ағаш шебері Жанболат Тасболатұлы, зергер Зият Берікұлы, ағаш шебері Мұхтархан  Атаханов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

Шеберлер Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, қолөнер туындыларының көрмесін өткізіп қайтты.

«Абу-Даби қаласында халықаралық «Мәдени мұра» фестиваліне қатысып қайттық. Онда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ассамблея жылына орай үлкен көрме болды. Шарада бізге алғыс хат пен сертификат берілді.  Қолөнер шеберлері Босния, Марокко, Египет, Ауғанстан және т.б. елдерден келді. Қазақтың өнері, қазақтың ұлттық тағамдары өзге елден кем емес екенін дәлелдеп қайттық»,-дейді Жанболат Тасболатұлы.

«Фестивальге сегіз мемлекеттің шеберлері келді. Біздің туындыларымызды жергілікті халық келіп қызықтап жатты. Тәжірибе алмасып қайттық»,-дейді зергер Зият Берікұлы.

«Арабтар мен қазақ халқының ұқсастықтары өте көп. Олар түйені жақсы көреді және жылқыны қадір тұтады. Шара барысында арабтың атбегі, құсбегілерімен араластым. Осы арада бір айта жететін жайт,  шейх бен Заидтың  құсбегілер клубы бар екен. Соның мүшелігіне қабылдандым»,-дейді Жанболат Тасболатұлы.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу