Бұл елдерде мектепке бару - балалардың өміріне қауіпті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұл елдерде мектепке бару - балалардың өміріне қауіпті (ФОТО)

13.12.2015
Бұл елдерде мектепке бару -  балалардың өміріне қауіпті (ФОТО)

Индонезияда оқушылар мектепке бару үшін қауіпті көпірмен жүруге мәжбүр. Ал, әлемнің түкпір-түкпірінде мұндай қауіпті жолдар жетіп артылады.

Филиппин Республикасы. Манила

Жаңбырлы маусымда Манила қаласын су басып қалу қаупі жиі тіркеледі. Сондай оқиғалардың бірінде балалар Тейтей провинциясындағы мектепке орындықтардың үстімен барып-келіп жүрді.

Шри-Ланка

Ал, Шри-Ланкада кейбір оқушылар мектепке бару үшін арасы ашық қалған қабырғалардың ортасына тақтай қойып, өтеді.

Қытай. Биджи қаласы

Қытайлық оқушылар білім алу үшін мектепке құз-жартастарды жағалап жүреді. Биджи қаласындағы мектепке бару үшін Генггуань ауылының балалары 5 сағат жол жүру керек. Өйткені, мектеп пен ауылды жалғайтын бұл – жалғыз ғана жол.

Косово Республикасы

Косово Республикасында қыс мезгілінде оқушылар мектепке бару үшін мұз қатқан Батталава өзенінің үстімен өтеді.

Үндістан. Кашмир

Кашмирдегі оқушылар батпақ үстінен салынған ағаш көпірдің үстімен жүруге мәжбүр. Бұл көпір дауыл кезінде қирап қалған. Алайда, балалар орнына тақтайлар қойып, өтеді.

Чжан Цзявань

Қытайдың Чжан Цзявань ауылының балалары мектепке бару үшін жартасқа өрмелеп шығулары керек. Ол үшін олар қәдімгі ағаш сатыны қолданады.

Суматра аралы. Паданг қаласы

Паданг қаласындағы балалар өзеннің арғы бетіндегі мектепке баруы үшін ескі көпірден қалған жіптерді пайдаланады.

 

Сурет: billionnews.ru

Хабарламаларға жазылу