Инклюзивті оқыту мәселесі қалай жүзеге асуда? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инклюзивті оқыту мәселесі қалай жүзеге асуда?

18.02.2015
Инклюзивті оқыту мәселесі қалай жүзеге асуда?

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.

Инклюзивті оқытудың негізінде балалардың қандай да бір кемшілігін жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.

Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Мұндай жүйенің біздің елдегі аяқ алысы қалай? Бүгін 19.10-да «Журналистік зерттеу» хабарынан толығырақ біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу