Қызыл уылдырықтың пайдасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызыл уылдырықтың пайдасы

12.12.2015
Қызыл уылдырықтың пайдасы

Қызыл уылдырық – дастарханның көркі. Одан бутербродтар, салаттар, жеңіл тағамдар дайындайды. Ал, қызыл уылдырықтың пайдасы бар ма? 

Бұрынғы кезде уылдырықты адамдар ұзақ сақталмайтындықтан лақтырып тастайтын болған. Тіпті, балықшылардың ең арзан тағамы болған. Алғашында оны адамдар кептіріп жеген. Ал, XIX ғасырда ғана уылдырықты тұздап жеп, ол деликатес атанды. 

Қызыл уылдырықтың сапасын білу үшін үрлеу қажет. Жалпақ тәрелкеге уылдырықтың 3-4 түйіршігн ғана салып, олардың үстінен ғана үрлесеңіз жеткілікті. Егер, уылдырық тәрелкеге жабысып қалса, оның сапасыз болғаны. Яғни, сапасы жақсы уылдырықтар тәрелкеге жабыспауы керек. 

Қызыл уылдырық еске сақтау қабілетін нығайтады. Сондай-ақ, адамның өмір сүру белсенділігін де арттырады. Ғалымдардың зерттеуінше, уылдырықты  үзбей жеп жүрген адамдар 7-10 жыл ұзақ өмір сүреді. 

Қызыл уылдырық 30 пайыз жоғары сапалы ақуыздардан тұрады. Сондықтан, ауырған кезде уылдырық жесеңіз, біраз күш жинап, салмақ та қосасыз. 

Қызыл уылдырықтың бірнеше түрі бар: 
- Кета (оның түйіршіктері 9 милиметрге дейін үлкен болады. Түсі – сары-қызғылт сары) 
- Құныс балық (горбуша. Түйіршіктері 3-5 милиметр болады. Түсі қою қызғылт сары болады) 
- Келмен балық (нерка. Түйіршіктері 3-4 милиметр. Дәмі қышқылдау болады) 
- Кижуча (түйіршіктерінің көлемі – 3-4 милиметр. Қызыл түсті) 
- Чавыча (2-3 милиметр, дәмі ащы болады) 
- Сима (2-3 милиметр. Қою қызыл түсті); 

Қызыл уылдырық қан айналым жүйесін жақсартады, гемоглобинді көтереді, иммунинетті нығайтады. Әйтсе де, қызыл уылдырықты күніне 4-6 шай қасықтан артық жеуге болмайды.

Хабарламаларға жазылу