«Ақ жауын» оркестрінің концертін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақ жауын» оркестрінің концертін көріңіз

12.12.2015
«Ақ жауын» оркестрінің концертін көріңіз

Күй – өміршең өнердің бірегейі. Бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізген төл мұрасын кеңінен насихаттау, бүгінгі буынның санасына сіңіру бағытында «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің атқарып отырған еңбегі зор.

Елбасының ұсынысымен өмірге келген «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің құрылуы турасында оркестр жетек­шісі – Қазақстанның Еңбек сіңір­ген әртісі, күйші-композитор Се­кен Тұ­рысбеков былайша еске алады.

«Бірде Елбасымен бір кездескенімде «Секен, өз оркестріңді құрсаң қайтеді?», деген идея берді. Содан мен Елбасының бұл ұсы­нысын мақұл көрдім. Сөйтіп, кейін «Ақжауын» оркестрі дүниеге келді десем, артық айтқандық емес. Ұжымыммен Астанаға көшіп келуі­ме тағы да Нұрсұлтан Әбішұлы себепкер болған еді».

Бүгін сол оркестрдің шығармашылық кешін Ұлттық арнадан сағат 15:15-те көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу