Бесінші рет ұйымдастырылып жатқан ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогына Қазақстан Ұлттық құрамасының 12 спортшысы қатысады. Биылғы турнир 2016 жылғы Рио Олимпиадасына іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылуда. Спортшылар 5 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласатын болады. Ерлер – 94, 105 және 105 келіден жоғары ал, қыздар – 75 және 75 келіден жоғары салмақта сынға түседі.
Турнирге қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі:
Ерлер:
94 келі: Ермек Өміртай, Денис Уланов, Рүстем Сыбай және Семен Линдер.
105 келі: Илья Ильин және Александр Зайчиков.
105 келіден жоғары: Дмитрий Каплин, Селимхан Абубакаров және Ибрагим Берсанов.
Қыздар:
75 келі: Светлана Подобедова және Әсем Садықова.
75 келіден жоғары: Александра Аборнева.
Айта кетейік, «Kazsport» телеарнасы 12 желтоқсан күні сағат 17:00-де 75 келідегі қыздар арасындағы және сағат 23:35-те ерлер арасындағы 105 келі салмақтағы бәсекені тікелей эфирде көрсетеді.