Бүгін «Kazsport» ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Kazsport» ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогын тікелей эфирде көрсетеді

12.12.2015
Бүгін «Kazsport» ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Шешенстан республикасының Грозный қаласында ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогы басталады. Турнир 11-14 желтоқсан аралығында өтпек.

Бесінші рет ұйымдастырылып жатқан жарысқа Қазақстан Ұлттық құрамасының 12 спортшысы қатысады.

Биылғы турнир 2016 жылғы Рио Олимпиадасына іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылуда. Спортшылар 5 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласатын болады. Ерлер – 94, 105 және 105 келіден жоғары ал, қыздар – 75 және 75 келіден жоғары салмақта сынға түседі.

Айта кетейік, «Kazsport» телеарнасы бүгін сағат 17:00-де 75 келідегі қыздар арасындағы және сағат 21:35-те ерлер арасындағы 105 келі салмақтағы бәсекені тікелей эфирде көрсетеді.

 

Турнирге қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі:

 

Ерлер:

94 келі: Ермек Өміртай, Денис Уланов, Рүстем Сыбай және Семен Линдер.

105 келі: Илья Ильин және Александр Зайчиков.

105 келіден жоғары: Дмитрий Каплин, Селимхан Абубакаров және Ибрагим Берсанов.

 

Қыздар:

75 келі: Светлана Подобедова және Әсем Садықова.

75 келіден жоғары: Александра Аборнева.

Хабарламаларға жазылу