«Туған елдің түтіні» телехикаясын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Туған елдің түтіні» телехикаясын көріңіз

17.04.2016
«Туған елдің түтіні» телехикаясын көріңіз

Туған елдің топырағы, туған үйдің түтіні кімге де болсын ыстық, қадірлі... Мемлекет тарихындағы елеулі оқиғалардың қарапайым елдің өміріне әсері, айрандай ұйыған отбасындағы бәйтеректей әкенің орны, балалардың есеюі, жігіттің ел ағасы болуы – осының барлығы туған жердің, елдің тарихының бір бөлігі.

Қазақстанның бұғанасының бекіп, алғашқы дипломатиялық қарым-қатынас, саясаттағы, экономикадағы қадамдары, халықаралық спорттағы алғашқы жеңістер, бизнестің дамуы, тұңғыш теңгенің шығуы сияқты елеулі оқиғалар «Туған елдің түтіні» телехикаясы кейіпкерлерінің өмірімен ұштасқан.

Тарих пен өмірді сабақтастыра отырып өрілген бұл фильм Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы ел өмірінің шынайы болмысын баяндайды. Аталмыш туындының 7-12 бөлімдерін бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:45-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу