«Шұбаркөл» кенішінде көмір өндірісі артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шұбаркөл» кенішінде көмір өндірісі артады

06.02.2018

Қарағанды облысындағы «Шұбаркөл» кеніші биыл көмір өндірісін 12 миллион тоннаға жеткізбек. Соның  3,3 миллион тоннасы ішкі нарыққа шығарылады. Бұл еліміздегі отын тапшылығын азайтуға сеп болмақ. Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков кеніштің жұмыс барысымен танысты. Өткен жылы мұнда 10 миллион тоннадан астам «қара алтын» қыр басына шығарылған. ««Шұбаркөл» көмірінің сапасы жоғары болғандықтан, сұраныс жоғары», - дейді мамандар. Айталық, тек қаңтар айында ғана  аяздың күшеюіне байланысты Алматы облысына 1055 вагон, ал, Оңтүстік Қазақстан облысына 500 вагон жөнелтілген. Қазір кеніш тұрақты жұмыс істеп тұр. Бүгінде Үкімет тарапынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Көмір өндірілетін өңірлердегі барлық кәсіпорындардағы ахуал тексерілмек.

Ғани Сәдібеков, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Қазіргі уақытта көмірді тұрғындарға жеткізу мәселесі туындап жатыр. Сондықтан, біздің министрлікте Үкіметтің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уақытта сараптама жүргізіп жатырмыз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу