Арқалық – даңғыл жолдың бойындағы қала - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арқалық – даңғыл жолдың бойындағы қала

23.08.2014
Арқалық – даңғыл жолдың бойындағы қала

Күні кеше іске қосылған «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желісі Торғай өңірінің халқы үшін ерекше маңызды. Еліміздің транспорттық жағдайы бойынша Арқалық қаласы тұйықта қалып қойған.

Солтүстігіндегі Есіл станциясынан келетін теміржол осы қалаға келіп тіреледі. Одан әрі қарай ешқандай бағытқа жол жоқ. Енді жаңа теміржол желісі Арқалықты Шұбаркөл бекетімен жалғайды.

Нәтижесінде солтүстіктен келетін теміржол Арқалық, Шұбаркөл арқылы әрі қарай Қарағандыға дейін барып, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарына дейін жетуге болады.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу