Алаулап оттай, арғымақ аттай,
Жұлқынып тұрган кермеде.
Өмірге ғашық жанымды менің
Түсіңбей жүрсің неге?!
Әлемнің барлық қуанышымен,
Батпандай ауыр қайғысын
Жатырқамастан, жабырқамастан.
Сыйдырдым түгел кеудеме.
Іңкәрмін әлі, шырқармын әлі,
Келбетін дархан даламның.
Кең далам менің, өзімді сенен
Қалайша бөліп алармын?!
Әр тасың үшін, әр гүлің үшін,
Алаңмын, саған алаңмын.
Туған ел сені, туған жер сені
Аялау үшін жаралдым.
Қайырмасы:
Арманға кейде, қол жетпей бейне,
Аңсадым шырмап қанша мұң
Оралар ертең, қызықты көркем
Баянды ғұмыр, бал шағым.
Бар шабытпенен ән салып келем,
Бақытын тілеп баршаның.
Шапағаты мол, махаббаты мол
Өмірді ғана аңсады,
Өмірді ғана аңсады,
Менің жаным.
Бір сәби күлсе, қосыла күліп,
Жадырап сала беремін.
Мұңая қалса, өбектей берем
Тиер деп қайтсем көмегім?!
Бақыттымын мен, бақыттымын мен,
Осыған шексіз сенемін.
Асыл жандарға, ғашық жандарға
Болғаны үшін керегім.
Қайырмасы:
Арманға кейде, қол жетпей бейне,
Аңсадым шырмап қанша мұң
Оралар ертең, қызықты көркем
Баянды ғұмыр, бал шағым.
Бар шабытпенен ән салып келем,
Бақытын тілеп баршаның.
Шапағаты мол, махаббаты мол
Өмірді ғана аңсады,
Өмірді ғана аңсады,
Менің жаным.